Биыл Астанада электр энергиясына тарифтер көтерілмейді - «Астана - Энергия» АҚ

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде көмір отынының бағасы қымбаттады. Осының салдарынан «Астана - Энергия» АҚ биыл 350 млн теңге көлемінде шығынға тап болып отыр.

Меніңше, ағымдағы жылдың аяғына дейін электр энергиясының тарифтері көтерілмейді. Бірақ онысыз компания шығынға әбден батуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы ауданының әкімдігінде өткен кеңесте «Астана - Энергия» АҚ бас директоры Леонид Ларичев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жылу бойынша төленетін тариф 929 тг/Гкал-ды құрайды. «Ал компанияны шығынға батырмайтын үйлесімді тариф 1 051 теңге болуы қажет. Сонда ғана біз ешбір шығынсыз жұмыс істей аламыз», - дейді Л.Ларичев.

Кәсіпорын басшысы атап көрсеткендей, биыл желтоқсанның 31-іне дейін тарифтер көтерілмейді. Бұған дейін тарифті көтеру жөніндегі ұсыныс хатты ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қайтарып тастаған болатын. Қазіргі кезде бұл құжаттар қайта әзірлену үстінде.