«Балама ретінде қалада 6 экспресс-маршрут жүреді, олардың аялдамалар саны аз. Биыл қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ»,-деді Астана әкімі.
Сонымен қатар, ол қоғамдық көліктердің жұмысына шағымдар көп екенін айтты.
«Біз осы мәселені жақсы білеміз. Тұрғындар аялдамада автобустарды ұзақ күтіп қалады. Жүргізушілер жол жүру ережесін бұзып, дөрекілік танытқан жағдайлар да кездеседі. Бұл саладағы проблемалар қордаланып қалды»,-деді әкім.
Оның айтуынша, қала басшылығы өткен жылы саладағы тұтас мәселелер кешенін шешуге кірісті. Бағдарлар жүйесін жетілдірудің ауқымды жұмысы жүргізілді. «39 қалалық маршрут өзгертілді, аса ұзын 14 бағдар бөлінді. Осылайша, маршруттар саны 52-ден 63 дейін көбейді»,-деді әкім.
12:50, 24 Ақпан 2016
Биыл Астанада қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.