Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардың сауалына жауап берген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Қала басшысының айтуынша, бүгінде елордада тұрғын үй кезегінде 21 300-ден астам адам тұр. Олардың бірнеше мыңы баспанаға мұқтаж ретінде кезекке таяуда ғана тұрған - зейнеткерлер. Ал бұл санаттағы азаматтар үшін тұрғын үй заңнамасы әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер ретінде тұрғын үй жеңілдігін қарастырады. Олардың кейбірінің кезінде тұрғын жайы болған. Бірақ жекешелендіру жылдары олар балаларының аттарына жазылған. Зейнеткерлер болса кезекке қайта тұруға құқылы.
«Кезекте тұрғандар кезең-кезеңімен баспанамен қамтамасыз етіліп отыратын болады», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.