«Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің, тіпті іргетасы да болмаған еді, ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған.
Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті де мойнымызда тұр. Бұл – 30-дан астам тұрғын үй кешені. Онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспар бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым», - деп жазды Ж.Қасымбек Instagram-да.
Сондай-ақ Астана басшысы қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен танысты. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының да бақылауында.
Фото: gov.kz