Биыл Астанадағы қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанадағы қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, елордада қоғамдық көліктің жолақасы соңғы рет 2008 жылы көтерілген.

«Одан бері жалақы ұлғайды, жанар-жағармайдың бағасы да 2 есе өсті. Сондықтан біз қоғамдық көліктің жолақысы көтерілмейді деп айта алмаймыз», - деп атап өтті Қ. Сұлтанбеков.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол дайын болғанда құзырлы органдарға жіберіледі.

«Жолақының қаншаға көтерілетінін қазір айта алмаймыз, белгілі бола салысымен, біз қосымша хабарлайтын боламыз. Ондай өзгерістер биыл болуы мүмкін», - деді Қ. Сұлтанбеков.