Биыл астаналық 13 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында 13 мыңға жуық балақай бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.

1 қыркүйекте Астанада орналасқан 83 мектептің бәрі есігін айқара ашады. Оның 71-і мемлекеттік және 12-сі жеке меншікті мектеп. Білім ошақтарында 94 712 оқушы білім алады.

Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаладағы жалпы білім беру мекемелерінде 6038 педагог қызмет етеді.