деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, биыл егістік алқаптарын майлы дақылдардың көлемін арттыру арқылы кеңейту көзделген. Бұл мақсаттарға 1,4 млн. гектар жер бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Биыл біз майлы дақылдардың орташа көлемін жинайтын болсақ, еліміздің ішкі нарығындағы осы өнімге деген сұранысты толығымен өтей аламыз», деді А. Күрішбаев.
Министр атап көрсеткеніндей, биыл көктемгі егіс алқаптарының жалпы көлемі 19,1 млн. гектарға кеңейді.