Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ауыл шауашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.
Негізгі астық өнімі бидай екендігіне тоқталып, «елді астықтың жағдайы толғандыратыны сөзсіз» деген ол, БАҚ өкілдерінің астық саласының жай-күйі туралы сұрақтарына жауап берді.
«Көктемде біздің фермерлер жанар май ала алмады. Өйткені көпшілігінде қаржы болмады. Алайда ӘКК-лер арқылы жанармай алу үшін бөлген 12 млн.теңгенің көмегімен олар астықты уақытында сеуіп үлгерді. Ендігі мәселе - дымқыл әрі салқын көктем өсінділерге тез өсуге мүмкіндік берді, ендігі жерде ылғал мол болған жағдайда суды қабылдамауы мүмкін. Сондықтан біз астық өсірушілерді гербицидтермен қамтамасыз ету үшін жеңіл несие беру мүмкіндігін қарастырудамыз»,- деді А.Мамытбеков.
Оның айтуынша, астықты Ресейге экспорттау бағаның түсуіне әсер етеді. «Қазір астықтың тоннасына 40-42 мың теңге, 50 мың теңгеге дейін жеткен кезі де болды. Алайда Ресей ұн экспортын бастаған соң баға төмендеді, әлі де төмендеуі мүмкін. Бірақ, біздің болжам бойынша 200 АҚШ долларынан төмен болмайды»,- деді ҚР Ауыл шауашылығы министрі журналистерге.