Оның айтуынша, жыл сайын елімізде күзгі жиын-терімге 60 млрд теңге қаржы бөлінеді. Өткен жылы бұл қаражат диқандарға 10 пайызбен, ал биылдан бастап 6 пайызбен берілді. Бұған қоса, ағымдағы жылы тұқым сапасы жақсарып, өнім түсімі 1-2 есеге ұлғайды. Сонымен қатар егістік алқаптарына себілетін тыңайтқыш көлемі де артта түсуде. Мәселен, өткен жылы шаруаларға 260 мың тонна тыңайтқыш жеткізілсе, осы жылы олар 1,5 есе артық сатып алып отыр.
«Мұның барлығы астық сапасына әсер етуде. Қазіргі уақытта аймақтардың дерегінше, бастырылған астықтың 76 пайызының сапасы 3 санатта болуда. Өткен жылы ол жылдың соңында 44 пайыз болған еді. Салыстыратын болсақ, сапа 1,5-2 есеге өзгеруде. Биыл астық сапасы өте жоғары», - деді Қайрат Айтуғанов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, республика бойынша 11,6 млн гектар алқаптың астығы жиналып, 14,7 млн тонна дәнді дақыл бастырылды. Егін жинау науқаны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда , 2,4 млн гектарға немесе 16 пайызға артық.