«Әуе тасымалдарының ішкі нарығы толығымен реттелген. Яғни, кез келген қазақстандық әуе компаниясы қолда бар сұранысқа сәйкес кез келген ішкі маршруттар бойынша ұшуларды шектеусіз орындай алады. Қазіргі уақытта ішкі әуе тасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Аптасына 56 ішкі авиамаршрут бойынша 706 рейс орындалады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, ұшу қолжетімділігін жақсарту және ішкі туризмді дамыту мақсатында әуе маршруттарын субсидиялау қолданылады.
«Осы жылы 7 облыста 23 әуе маршрутын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Ішкі туристік бағыттарға басымдық беріледі», - деді Марат Қарабаев.