АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - 18,5 млн. тонна көлемінде жиналатын астық ауыл шаруашылығының өсімін 12 пайызға қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті
«Болжам бойынша 18,5 млн. тонна көлеміндегі астықтың жалпы жиынтығы 2012 жылмен салыстырғанда биылғы жылы ауыл шаруашылығындағы өсім көлемін кем дегенде 12 пайызға қамтамасыз етеді», - деді Е. Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы 9 айдағы өнеркәсіп саласындағы өсім 2,1 пайызды, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өсім 3 пайызды құрады. Ал, қайта өңдеу өнекәсібіндегі өндіріс 1,2 пайызға артты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.