"Бүгiнгi жағдай бойынша, жаздық дәндi-дақылдарды егу 9244,9 га немесе жоспарланағанның 61,9 пайыз алқапта жүргiзiлдi. Жалпы үстiмiздегi жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн. га егу жоспарланған", - дедi министр.
Оның айтуынша, оңтүстiк аймақтарда жүгерi мен күрiштен басқа жазғы дәндi дақылдарды себу аяқталды, батыс пен шығыста өңiрлердiң облыстарында жоспарланғанның 79 пайыз шамасында жүргiзiлдi.