Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«2013 жылы түгендеуді 30,6 млн. гектар алаңда жүргізу жоспарланып отыр. Өңірлік жоспарда шамамен 60 аудан, 820 ауылдық округ және 80 мың шаруашылық субъектілері тексерілетін болады», - деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, тексеруді жүргізуге барлығы дайын. Осы орайда барлық материалдық құжатнамалық базалар әзірленіп, республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.
Айта кетейік, өткен жылы түгендеу шаралары 31 млн. гектардан астам алқапта жүзеге асырылды.