Биыл азаматтық бастамаларға 3 млрд теңге бөлінген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы жүзеге асатын жобаларға 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыАзаматтық бастамаларды қолдау орталығының атқарушы директоры Шырын ТіленшиеваҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеайтты.

«Жастар кадрлықрезерві» жобасы биыл біздің орталықтың қаржылық гранты арқылы жүзеге аспақ.Өзім де кезінде осы жоба арқылы үлкен өмірге жолдама алғанмын. Жалпы биылАзаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қазақстан бойынша 108 әлеуметтік жобаныжүзеге асырып жатыр. Оның жалпы қаражат қоры 3 млрд теңгеге жуық. Қазірдің өзінде 16 жобаның нәтижесі белгілі болды.Яғни, 15 үкіметтік емес ұйым жиыны 450 млн теңгенің жобасын қолға алатын болады», -деді Шырын Тіленшиева.

Брифинг барысында«Жастар кадрлық резервінен» түлеп шыққан Евгений Кочетов та өз тәжірибесіменбөлісті. «Nur Otan» партиясына қарасты Талдау, болжау және стратегиялықбастамалар институты директорының орынбасары аталмыш жоба кімдерге көбірекқажет екенін айтты.

«Бұл –тәуелсіздік жылдарындағы мен білетін ең сәтті қолданбалы жоба. 2009 жылы мен де алғашқылардың бірі болып шәкіртатанғанмын. Өзінің кәсіби бағдарын әлі таппай жүрген жастарға осы жобаға қатысуға кеңес берер едім. Жастықалбырттықты сарапты көзқарасқа айналдыратын орта бұл. Сондай-ақ, кәсібінөзгерткісі келсе де, соған батылы бармай жүргендерге де осы жобада бағын сынап көруге кеңес беремін. Бұл жобабастағы артық-ауыс ойларды тазартып береді», - деді ол.

Аталмыш жобаныңтағы бір түлегі Жапал Долиев аға-көкесіз қала «өскенін» айтыпберген болатын.

Соңғы жаңалықтар