«Банктердің кредиттік белсенділігі жандануда. Жыл басынан бастап банктердің экономикаға салған кредиттерінің көлемі 13,2 трлн теңгеге дейін жетіп, 4 пайызға ұлғайды. Теңгедегі кредиттер 9,5 трлн теңгеге дейін 10,6 пайызға негізінен ұзақ мерзімді бөлік есебінен өсті. Шетел валютасымен кредиттер 3,7 трлн теңгеге дейін 9,5 пайызға қысқарды», - деді ол.
Д.Ақышевтің айтуынша, кредиттер бойынша орташа алынған ставка қыркүйекте 14 пайызға дейін, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген теңгемен кредиттер бойынша - 13,1 пайызға дейін төмендеді.
«Салалық бөлікте құрылым іс жүзінде өзгермейді - кредиттердің ең көп көлемі саудаға, өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және көлікке тиесілі. Тұтынушылық кредиттеу өсуде. Халыққа тұтынушылық мақсатқа кредиттердің көлемі 9 айда 2,9 трлн теңгеге дейін 13 пайызға немесе 332 млрд теңгеге ұлғайды. Ұлттық банк аталған өсімге ерекше назар аударады. Өйткені борыш бойынша қызмет көрсететін іргелі база - халықтың кірісі. Ол баяу өседі», - деді Данияр Ақышев.