Биыл барлық моноқалаларда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылады
17:25, 18 Наурыз 2013
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылы еліміздің барлық моноқалаларында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылатын болады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.
Комитет төрайымының айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан бөлек жаңа тетіктерді енгізу мәселелесі де жоспарланған. «Оның ішінде субсидиялау, гранттар ұсыну, инфрақұрылымдық қолдаулар бар. Бұдан бөлек, жаңа бизнес-инкубаторлар құрылатын болады. Ал жұмыс істеп тұрғандары заңнамаға сәйкестендіріледі», - дейді комитет төрайымы Ғ. Жолдыбаева.