Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен 2 мыңға жуық адам босатылады

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен 2 мыңға жуық адам босатылады.

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы қоғамға аса қауіп тудырмайтын қылмыстық істер бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілгенін айта келе, бас бостандығынан айыру, сондай-ақ қамауға алудың балама шараларын қолдану саласы кеңейтілгенін атап өтті.

«Осыған орай ағымдағы жылы жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған 2 мыңға жуық сотталған адам бас бостандығынан айыру орындарынан шығатын болады»,- деп тоқталды Президент.