Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Халықаралық дәліздің 915 шықырымы көлік қозғалысы үшін ашылды, 806 шақырымы биыл тапсырылады»,-деп нақтылап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр «Алматы-Қорғас», «Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы», «Ташкент-Шымкент» учаскелерінде 483 шақырым аралықта құрылыстар басталатынын жеткізді.