БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ренат Гайнутдиновтың айтуынша, соның ішінде 5 424,8 млн. теңге Ұлттық қордан, 721,1 млн. теңге республикалық және 1 516,054 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаралып отыр.
Өткен жыл қорытындыларына тоқтала кетсек, мемлекеттік бағдарламалар аясында көп пәтерлі - 8 (914 пәтер) және Сайқын мен Жаңақала ауылдарында бір пәтерлі 25 үй іске қосылды. Соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған - 1, жас отбасылар үшін - 1, жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға - 1 және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ («ҚИК» ИҰ» АҚ) желісі бойынша кезекте тұрғандарға 5 көп пәтерлі үй бой көтерді.
2016 жылы барлық қаржы көздері есебінен 4 білім нысаны (Шыңғырлауда 290 орындық балабақша, Зеленов ауданы Озерный ауылында 48 орындық мектеп, Оралда оқушылар мен жастар сарайы, Ақсайда 140 орындық балабақша), 1 денсаулық сақтау нысаны (Оралда 300 төсектік көпбейінді қалалық аурухана), ішкі істер органының екі нысаны (Оралда әкімшілік ғимарат, салт атты полицияның 25 жылқыға арналған базасы) салынды. Оған қоса 3 білім нысаны (Оралға қарасты Зачаган округіндегі «Сарытау» шағынауданында 900 орындық, Деркөлде 600 орындық мектеп, Қазталов ауданы орталығында 100 орындық мектеп-интернат), қос бірдей қоршаған ортаны қорғау нысанының (Сырым ауданында Өлеңті суландыру жүйесі және Шолаңқаты өзенінде су жіберу құрылымы) құрылысы басталды. Биыл бұл нысандардың құрылысы аяқталады.
2017 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында көп пәтерлі - 10 (1318 пәтер) және Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында бір пәтерлі 10 тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Соның ішінде жас отбасыларға арналған - 1, «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі арқылы - 1, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы - 3, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында - 1 және ішкі зайым есебінен көп пәтерлі 3 үй тұрғызылмақ.
«Биыл сондай-ақ Теректі ауданы Подстепный ауылында 300 орындық мәдениет үйі, Оралда 300 орындық №4 мектепке қоса Деркөл ауылында 600 орындық тағы бір мектептің және Зеленов ауданы Дариян ауылында 100 орындық интернатымен 300 оқушылық қазақ орта мектебінің құрылысы басталмақшы», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Р.Гайнутдинов.