Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың 10 айында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 930,4 мың шаршы метрді құраған.
Оның 90,6 пайызы – тұрғын үйлер.
2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 1,1% ұлғайып, 11 724,8 мың шаршы метр болды.
Оның ішінде:
6 355,8 мың шаршы метр – көппәтерлі үйлер
5 310,9 мың шаршы метр – жеке үйлер
52 499 шаршы метр – жатақханалар.
Тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі республиканың он бес өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр (43%).
Одан кейін Ақмола (11,8%), Алматы (10,9%), Шығыс Қазақстан облыстары (8,4%) және Шымкент (26,2%) пен Алматы (8,6%-ға) қалалары.
Бұл ретте берілген тұрғын үйлердің азаюы Ұлытау (39,6% ), Абай (11%), Маңғыстау (15,7%), Атырау (11,3%) облыстарында және Астана қаласында (13,4%) байқалды.