«Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты 2021 жылы «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірлеуіміз керек», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Оның айтуынша, аталған заңды жүзеге асыру аясында бақылау жүйесін жетілдіру үшін 38 нормативтік-құқықтық актіге халықтың денсаулық жай-күйін бағалау, сараптама жасау және болжау жүйелерін дамыту, сын-тегеуіріндерге қарсы әрекет ету бөлігінде түзетулер енгізіледі.
«Еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында санитарлық-гигиеналық бейіндегі факультеттер қайта қалыпына келтірілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін арттыру үшін қайта дайындау және біліктілік арттыру жүйесі жетңілдіріледі. Қызметті цифрландыру 2025 жылы аяқталады»,- деді Алексей Цой.
Министрдің сөзіне қарағанда, 2022-2024 жылдары аралығында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін комитеттің аудандық бөлімшелерінің 54 ғимараты жөнделеді. Ұлттық сараптама орталығының 27 ғимаратына жөндеу жүргізіліп, 3 зертхананың жаңа ғимараты салынады. Комитеттің аумақтық бөлімшелері үшін 64 автокөлік сатып алынады.