Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қабылданып жатқан шаралардан бөлек, өндіріс өсімін одан әрі ұлғайтуға республикалық және өңірлік индустриялық карта аясында іске қосылатын инвестициялық жобалар ықпал ететін болады. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 2010 жылы пайдалануға берілетін 144 инвестициялық жобаның жалпы сомасы 396 млрд. теңгені болатын 72-сі іске қосылатын болады», деді Ә. Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылғы сәуірдің 1-гі жағдай бойынша игерілген инвестициялардың көлемі 321 млрд. теңгені немесе 81 пайызды құрады.