Биыл біз 68 инвестициялық жобаны іске қосамыз - «ҚазАгро» холдингінің басшысы Д.Айтжанов

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін біз 68 инвестициялық жобаны іске қосуды көздейміз. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Дулат Айтжанов осылай айтты.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жобалардың ішінде сүт фермалары, мал бордақылау алаңдары, жылыжайлар, тамшылап суару технологиясы, құс фабрикалары және тағы басқа кәсіпорындар бар. «Қазіргі кезде біз 27 жобаны іске қостық. Олардың ішінде мал шаруашылығына арналған 11 жоба бар. Алдағы екі айда оның барлығына мал жеткізілуі тиіс. Содан бастап ол жобалар іске асты деп санауға болады. Ал қалған 30 жоба аяқталуға жақын. Қазір тиісті құжаттар жинақталған соң, оларды да пайдалануға беретін боламыз», - дейді Д.Айтжанов.

Холдинг басшысы атап көрсеткендей, биыл 68 жоба болса, былтыр оның саны 66 болған.