Биыл біз экономиканың нақты өсімін 3,1 пайызға арттыруды көздеп отырмыз - Б. Сұлтанов

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы біз экономиканың нақты өсімін 2009 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға арттыруды көздеп отырмыз.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды

«Осы мақсаттың аясында экономиканың шикізаттық емес секторын және жалпы шикізаттық емес экспорттың үлесін кем дегенде 45 пайызға арттыру, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін екі есе ұлғайту, сондай-ақ жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 45 пайызға дейін азайту қарастырылған», дейді Б. Сұлтанов.