деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы, «Жол картасын» жүзеге асыру биліктің барлық деңгейлерінен өте сапалы әрі тиімді жұмысты талап етеді. Сондықтан да, жергілікті жерлерде мейлінше тиімді әрі қауырт жұмыстар атқарылуы шарт. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары бизнесте туындаған барлық проблемаларға терең ден қойып, қордаланған мәселелерді еңсеруде жан-жақты ойластырылған уақытылы шешімдер қабуылдауы тиіс. Ендігі жерде, өңірлер аймақты дамыту жөніндегі бағдарламаларды пысықтап, елдің 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарларын және басқа да бағдарламаларды негізгі ережелерімен ұштастыру керек. Мемлекеттік деңгейдегі ауқымды міндеттерді орындауда өңірлердің зор рөлі мен жауапкершілігін айқын сезінудің маңызы жоғары. Сондықтан да «Өңір» депутаттық тобының негізгі қызметі бұрынғыдай өңірлерді дамыту мен жергілікті өзін-өзі басқарудағы, жаңа өңірлік саясаттағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге және насихаттауға бағытталуы тиіс», деді Қ. Тоқаев.
17:13, 09 Наурыз 2010
Биыл «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өңірлерге 30 млрд. теңге нысаналы трансферттер бөлу жоспарлануда - Қ. Тоқаев
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдау мен индустриялық инфрақұрылымды дамыту үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өңірлерге 30 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Өңір» депутаттық тобының отырысы барысында Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,