Биыл Эгей теңізінде 45 мыңнан аса заңсыз мигрант құтқарылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эгей теңізінде ұйымдастырылған «Үміт» операциясы барысында түрік жағалау қызметі 4 күнде 1117 мигрантты құтқарды.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған босқындардың арасында жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де бар. Тергеу барысында олардың Грекияға бағыт ұстағандығы анықталып отыр.

Жалпы жыл басынан бері Эгей теңізі арқылы Кәрі құрлыққа табан тіремек болған 45 мыңнан аса заңсыз мигрант құтқарылған. Түркияның жағалау қызметі бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда кемінде 4 есеге ұлғайғанын хабарлайды.