АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Биыл ел аумағында 5 жүрдек жолаушылар пойызы жолға шығады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Асқар Мамин айтты.
Оның атап өтуінше, өткен жылы Астана-Атырау және Алматы-Атырау бағыттарында 2 жүрдек пойыз қатынай бастаған.
«2014 жылы тағы 5 пойыз Астана-Қызылорда, Алматы-Ақтөбе, Астана-Өскемен, Алматы-Өскемен, Алматы-Ташкент бағыттарында жолға шығару жоспарланып отыр», - деді компания басшысы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.