Биыл Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында қиын кезеңді еңсерудің нақты қадамдарын жариялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында қиын кезеңді еңсерудің нақты қадамдарын жариялайды. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында М емлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгін тек негізгі мәселелерге тоқталдым. Бүгін отырысқа жиналғанымыз дұрыс болды. Атап айтқанда, осы қиын кезеңде не істейтіндігіміз жайында, түсіндірулер мен нақты қадамдар қамтылған бағытымызды кезекті Жолдауымда жариялайтын боламын. Жолдауды биыл жариялауды ойлап отырмын»,-деді Президент.

Сонымен қатар Елбасы өз сөзінде экономикалық өсімді ынталандыру үшін,еңбекпен қамтуды қолдау тұрғысында Үкімет пен өңір әкімдері барлық резервтерді қарастыруы керектігін тапсырды.