«2009 жылдың қорытындысы бойынша, біз уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орынды аламыз. 2010 жылы 18 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отырмыз», деді алқада М. Шәріпов.
Оның айтуынша, «республикамыз үшін осыншама уранды өндіру қажет пе?», деген сұрақ басы ашық күйінде қалуда. «Уранды қарқынды өндіретін болсақ, біз оның ресурсын 70-80 жылдың ішінде сарқуымыз мүмкін. Келешектің энергетикасы - атом энергетикасы екенін ескере отырып, бұл мәселеге өте мұқият қарауымыз керек», деді ол.