Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 есе артық. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» Барлау мен өндіру» АҚ-сының бас геологы Базар Есқожа мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, барлау қызметі нақтылаған мәліметтерге сәйкес Р50 категориясы бойынша игерілмеген ресурстардың жалпы көлемі 8,6 млн. тоннаға тең болса, нақтыланбаған ақпаратқа сәйкес бұл көрсеткіш 38,5 тоннаны құрап отыр. «2011 жылда біз жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайтын 25 барлау ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 есе артық. Бұл жұмыстарға 200 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражат жұмсалмақ», - дейді Б.Есқожа.