Оның сөзіне қарағанда, бұл 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6 пайызға артық. Сонымен қатар биыл экспорт 73 миллион тонна көлемінде белгіленуде.
Вице-министр сонымен қатар осы жылы 2,8 миллион тонна бензин, 3,9 миллион тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отырғандығын жеткізді.
«Мұнай өндіретін компаниялардың мәліметі бойынша биылғы жылдың 9 айында газ конденсатын қосқанда 58,9 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда 104,8 пайызды құрады»,-деді Ә. Мағауов. Оның айтуынша, мұнай мен газ, сондай-ақ газ конденсатының экспорты 52,9 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 105,9 пайызды құрады. Мұнымен қоса, 9 айдың ішінде газды өндіру елімізде 27,2 миллиард текше метрді құрады (өткен жылдың деңгейіне қарағанда 103,7 пайыз).
«2010 жылы болжам бойынша газ өндіру 37 миллиард текше метрді құрамақ. Бұл көрсеткіш 2009 жылдың деңгейіне шаққанда 102,7 пайызға жетеді»,-деді Ә. Мағауов.