Биыл елімізде астық сақтайтын 9 жаңа қойма пайдалануға беріледі - «ҚазАгро»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін республикада 9 жаңа астық сақтау қоймасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлім етті.

«Бүгінгі таңда астық сақтау қоймаларының құрылысы бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қоржынында жалпы құны 19,4 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 776 600 мың тоннаға тең. 2010 жылдан бері жалпы сақтау көлемі 458 100 тоннаны құрайтын 9,4 млрд. теңгенің 24 жобасы пайдалануға берілді. 2014 жылы 195 мың тонналық 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жылдың соңына дейін «ҚазАгро» холдингімен сақтау қуаттылықтары 623 100 тонна қойманың пайдалануға берілетіндігі күтілуде», - деді Қ.Айтуғанов.