Биыл елімізде қанша баспана тапсырылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жарты жылда тұрғын үй құрылысына 600 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы 6 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 605,7млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5 пайызғажоғары. 1 теңге мемлекеттік қаражатқа7,4 теңге жеке инвестиция тартылды. Биылдың соңына дейін 118 мың баспана (13млн шаршы метр) салуды жоспарладық. Жартыжылдық қорытынды бойынша 48 925баспана (5,7 млн шаршы метр) пайдалануға берілді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылмен салыстырғанда тұрғын үйдіпайдалануға беру бойынша Түркістан(147,4%), Қызылорда (122,4%), Алматы (115,6%) және Қостанай (115,2%)облыстары көш бастап тұр. АлайдаНұр-Сұлтан қаласында және Маңғыстау облысында құрылыс қарқыны сәйкесінше 32,8пайызға және 10,3 пайызға төмендеген. Бұл жалпы республикалық көрсеткішке терісәсер етті, яғни тұрғын үй құрылысы 1,9 пайызға төмендеді.

«Сондықтан, бұл өңірлер жеке құрылыс салушыларарқылы жұмысты жандандыруы керек. Тұтас алғанда, басқа өңірлердегі құрылысқарқынын арттыру арқылы жылдық жоспарға қол жеткізетін боламыз», - деді РоманСкляр.