«Осы жылдың бірінші жартыжылдығында медицина және медициналық қызмет саласында 229 кәсіпорын ашылса, оны 67-сі - дәріханалар. Ал осы жылдың екінші тоқсанында 113 кәсіпорын ашылған болатын. Оның ішінде 34 дәріхана бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
18:00, 16 Шілде 2020
Биыл елімізде қанша дәріхана ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың басынан бері елімізде 67 дәріхана ашылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.