Сонымен қатар, комитеттің таратқан ақпаратына сәйкес, 2014 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14 793 құрады. Аталған көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 0,5 пайызға азайған.
Жалпы, тамыз айында тұрғын үйлерді сатып алу-сату мәмілелері ең көп Алматы қаласында (1 684) тіркелген. Бұдан кейінгі орында Қарағанды облысында - 1 657, сосын Шығыс Қазақстан облысында - 1 620 мәмілелер жасалған. Тамыз айында тұрғын үй сатылымының ең аз көрсеткіші Атырау облысына тиесілі, есепті кезеңде аталған өңірде жасалған мәмілелер 286-ны құрап отыр. Ал Астана қаласындағы баспана сатылымына қатысты жасалған мәмілелер тамыз айында 856-ға жеткен.