«Жалпы жол құрылысында 30 компания жұмыс атқаруда. Олардың ішінде - 10 ғана шетелдік. Биыл еліміздегі барлық жолдардың құрылысына соның ішінде «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан жобалардың құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады, олардың ішінде 3 мыңы ғана - шетел мамандары»,-деді министр.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 11 автожол салынады. Салынған автожолдар облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіне, шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Ал, тасымалдардың көлемі 2,5 есе өседі деп жоспарлануда»,-деді Ә. Исекешев.
11 жолдың ішінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай (2 452 км), Астана-Алматы (1 282 км), Астана-Өскемен (1 018 км),Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау (2 504 км), Алматы-Өскемен (662 км), Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды (925 км), Астана-Петропавл-Ресей шекарасы - (169 км), Үшарал - Достық (184 км), Орал-Каменка (100 км), Жетібай - Жаңаөзен (73 км), Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы (31 км) жобалары қамтылған.
Белгілі болғандай, салынған жолдардың бойында ұлттық стандартқа сәйкес 200-ден астам қызмет көрсету объектілері салынып, қызмет көрсету саласының дамуына және жол инфрақұрылымын жақсартуға ықпалын тигізеді.