Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің басқарма 2019-2020 оқу жылында 3 млрд теңеге 2 млн 595 мың 304 дана кітап сатып алды. 2020-2021 оқу жылында кітап алуға 2 млрд 390 млн теңге бөлінді. Ол қаржыға 1 млн 480 мың дана кітап сатып алынды. Ал биылғы оқу жылында (2021-2022 жж) 2 млрд 251 млн 670 мың теңге қаржыға 1 млн 116 мың дана кітап сатып алынды. Айта кету керек, биыл елорданың бастауыш мектептері бойынша түгелдей жаңа кітап сатып алынды және ол кітаптар жаңартылған білім мазмұнына толық сай келеді», - деді Дулат Шоғанбай қалалық қоғамдық кеңес отырысында.
Сонымен қатар, аталған жиында мектеп оқулықтарын елордада басып шығару мәселесі көтерілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік, Бейбітшілік және Келісім сарайына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Одан бөлек, қалалық Орыс драма театрын қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.