Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлия Қожабаева облыстық мәслихат жанындағы тұрақты бюджеттік комиссияның отырысында осындай мәлімет берді.
«Сарыарқа ауданындағы сквер салу жобасының құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруға - 229 млн теңге, Есіл ауданындағы сквердің құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтауға - 201 млн теңге, «Интернациональный» тұрғын үй массивіндегі сквердің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға - 72 млн теңге, Пушкин көшесіндегі сквер құрылысына - 27 млн теңге, «Теміржол» тұрғын үй массивіндегі сквер құрылысына - 174 млн теңге, Сарыарқа ауданының №187 көше аумағындағы свкер құрылысына - 6,1 млн теңге, Айманов көшесіндегі сквер құрылысына - 18,3 млн теңге, Асфендияров, Кенжин, Үлімжіұлы, Дайрабай, Мөңкеұлы көшелерінің шаршысындағы свкер құрылысына 58,5 млн теңге қажет», - деді ол мәслихат отырысында.
Оның айтуынша, Есіл ауданы «Тельман» тұрғын үй массивінің аумағындағы саябақ құрылысына 705 млн теңге қажет.
«Абай даңғылындағы свкер құрлысына - 343 млн теңге, Тәшенов-Хусейн көшелерінің қиылысындағы свкер құрылысына - 99,3 млн теңге, Бөгенбей батыр-Жамбыл көшелерінің қиылысындағы сквер құрылысына - 237 млн теңге, Ильинка тұрғын үй массивінде Қашаубай-Жанқожа батыр көшелерінің қиылысындағы сквер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға - 7 млн теңге, Еңбекшілер көшесіндегі сквер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға - 15,5 млн теңге, Мәңгілік ел даңғылындағы сквер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға - 11 млн теңге, Бөкейхан-Орынбор көшелерінің қиылысындағы сквер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 9,2 млн теңге керек», - деді әкімдік өкілі.
Бұған дейін жазғанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы астана театрларына балалардың тегін кіруі үшін 63 млн теңге сұрап отыр.