«Жаңа жолдар мен көпірлер тіршілігі қайнаған көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы, қала тұрғындарына қолайлы жағдай тудыратыны сөзсіз. Аралау кезінде Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым» деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, осы көшенің өзі ғана мынадай жүйелі мәселелерді шешеді:
- Жолды әуежай бағытында жалғап, Тельман тұрғын алабымен қосады. Осы алап тұрғындарының қалаға қатынайтын жолы мейлінше қысқарады;
- Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдарының жүгін азайтады;
- Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір болады. Олар өзеннің қос жағалауын байланыстырады;
«Биыл барлығы 150 көшені жөндеуден өткіземіз және жаңадан саламыз» дейді шаһар басшысы.