Биыл елордада 20 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мектептеріне жаңа оқу жылында 20 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды ҚазАқапарт тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин елордамектептерінде үш ауысыммен білім беру мәселесі әлі шешімін таппай жатқанынайтады.

«2018-2019 оқу жылында қаладағы 5мектеп 3 ауысымды режімде білім берген болатын. Бұл мәселені №24,40,28,57 және64 мектептерге жанама ғимараттар ашу арқылы шешеміз. Сонымен қатар, 3 жаңамектеп қолданысқа беріледі. Биыл біріншісыныпқа тағы 23-24 мың бала барады деген есеп бар. Яғни үш ауысымды режіммәселесі әлі де бар», - деді басқарма басшысы.

Ануар Жанғозиннің айтуына қарағанда, елорда мектептеріне 200 педагогжетіспейді.

«Өткен оқу жылында қала мектептерінде 162 мың бала оқыса, биыл олардың саны182 мыңнан асуы мүмкін. Бізге 200 мұғалім жетпейді. Әсіресе, бастауыш сыныпоқушылары мен тәрбиешілер қажет. Мұғалім тапшылығын шешу үшін жас мұғалімдергеарналған жатақхана салып жатырмыз. Тамыз-қыркүйек айларында қолданысқа беружоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сертификаттарымен қамту жалғасуда. Қаізрге дейін мұғалімге сертификатберілді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар