«Биыл өнеркәсіп саласы өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Қаладағы өндірумен айналысатын кәсіпорындар осы жылдың 11 айында 1,7 трлн теңгенің, ал өңдеу өнеркәсіптері 1,5 трлн теңгенің өнімін шығарды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл – 414,9 млрд теңгеге артық», - деді Шухрат Жораев.
Оның айтуынша, Астанада 441 мың адам қызмет етіп жүрген 201 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Биыл олардың салықтары мен өзге де төлемдерінен бюджетке 598 млрд теңге түскен.
«Астанада ірі жобаларды жүзеге асырудың барлық базасы қалыптасқан. Мысалы, барлық қажетті жағдайлары бар, дайын инженерлік алаңды қамтитын №1 Индустриалды парк бар. Мемлекет инфрақұрылымды салуға 23,9 млрд теңге инвестициялады, ал инвесторлар 169 млрд теңге салық төлеген. Осылайша, инфрақұрылым 7 есе өзін ақтаған. Индустриалды парктің арқасында бүгінде қалада елімізде баламасы жоқ 100-ге жуық тауар түрі шығарылады. Бұл – асыл металдарды тазарту, темір жол техникасы, сондай-ақ электронды-оптикалық құрылғылар», - деді Шухрат Жораев.
Оның айтуынша, бүгінде индустриялық паркте 94 жоба іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда оның 49-ы пайдалануға берілсе, қалған 45 жоба іске асырудың белсенді кезеңінде. Сондай-ақ, ол жыл соңына дейін Астанада 600-ден аса адамды жұмыспен қамтитын үш ірі жоба іске қосылатынан атап өтті.
«Олар – медициналық маска өндіру зауыты. Оған бағытталған инвестиция көлемі – 2,1 млрд теңге. Бұған қоса, металл өнімдерін, терезелерді, витраждарды, медициналық жабдықтар мен медициналық жиһаздарды өндіретін интеграцияланған өндірістік кешені іске қосылады. Инвестиция көлемі – 22 млрд теңге. Таяуда құрылыс материалдарын өндіретін серіктестік те өз жұмысын бастайды. Зауытқа құйылған инвестиция – 0,8 млрд теңге», - деп түйіндеді ол.