АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 9 айында елордада қызмет көрсетілген туристер саны 476 256 адамды құрады. Олардың көбі іскерлік мақсатта (64,8%) және демалыс мақсатында (29,6%) саяхаттағандар. Келушілер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға ұлғайған, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты статистика департаментіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметтері бойынша, қалада туристік қызмет көрсететін 218 туристік фирма мен 41 жеке кәсіпкер бар. Олардың ішінде 127 кәсіпорын мен ЖК келушілерді орналастыруға мамандандырылған. Елорданың қонақ үйлері мен отельдерінде 7907 төсектік-орынға арналған 4728 номер бар.
«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сапарлаушы туристер 64,7 пайызға ұлғайып, 41 481 адамды құрады. Астанада сатылған жолдамалардың жалпы құны - 3358743,2 мың теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.