Биыл елордалықтарға 93 медициналық мекеме тегін қызмет көрсетеді
«Қазіргі таңда ӘМСҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалы 2019 жылы медициналық қызмет көрсететін 93 емдеу мекемесімен келісімшарт жасасты. Олардың 35-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік клиникалар», - дейді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша бекіткен келісімшарттарының жалпы сомасы 90 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте елордалық жекеменшік медициналық ұйымдар да белсенділік танытып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері бойынша үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы - қор бақылауында.