Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өкілі Нағима Нығманова мәлім етті.
«Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілгенге дейін жеке секторда тек бір ғана амбулаторлық гемодиализ жеткізушісі қызмет көрсетіп келген еді. Ал 2012 жылы елімізде бұндай тасымалдаушының саны 43-ке жетсе, оның 16-сы жеке сектордың үлесіне тиіп отыр. Егер 2010 жылы жекеменшік клиникаларда гемодиализ бойынша барлығы 192 науқас емделсе, 2012 жылы олардың саны 1287-і құрады», -дейді Нағима Нығманова.
Оның айтуынша, бұған ең алдымен мемлекеттік және жеке меншік сектор арасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек ауқымы үшін теңдей жағдай жасау арқылы қол жетіп отыр. «Бұл ретте мемлекеттік емес сектордың қызметтегі үлес өсімі 17 пайызға дейін артты», - деді ол.