деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шілденің 24-26-сы аралығында өтетін фестиваль Қарағанды тас жолының 17-ші шақырымында өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар мәдени іс-шараның көрермендері мен қонақтары үшін барлық жағдай жасауды ескерген. «Биыл фестиваль өтетін күндері әртүрлі спорттық, интеллектуалдық, көңіл көтеретін ойындар ұйымдастырылмақ. Солардың бірі «Не? Қайда? Қашан?» ойынын танымал бард әншісі Владимир Байрак жүргізеді», - деді «Доминанта» авторлық әндер қорының директоры Мақсат Сәрсенбеков.
Биыл фестивальді өткізуге Астана қаласының Мәдениет басқармасы шамамен 1 млн. 800 мың теңге бөліп отыр. Сонымен қатар, 3 күн бойы фестивальді тамашалауға ниетті көрермендер «Жастар» сарайының алдынан арнайы автобуспен қатынай алады.