Биыл халықтың табиғи өсімі 7,7 пайызға кеміп, дүниеге келген сәбилер саны азайған
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адамды құрады.
Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны - 198,1 мың адам.
Бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға - 20,76 жаңа туған құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз.
Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25 қайтыс болғанды құрады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді.
Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32 оқиғаны құрады.