Биыл Қарағанды облысында «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауларына 8 мыңнан астам өтініш түсті
11:14, 06 Желтоқсан 2012
ҚАРАҒАНДЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысында «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауларына 8 мыңнан астам өтініш түсті.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 8 мыңнан астам өтініштің 7 мыңға жуығы оң шешімін тапты. Өткен жылмен салыстырғанда өтініштердің саны 13 пайызға көп болды.
«Бір жағынан алғанда бұл партияға деген сенімнің артқанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл атқарушы билік органдары мен кәсіпорындар басшылықтарының жұмыстары жеткіліксіз екендігін дәлелдейді», -деп атап өтті Ә. Құсайынов.
«Келіп түсетін өтініштер көбінесе баспанаға ие болу, жұмысқа орналасу, зейнетақымен қамтамасыз етуді қарастыру, квота бойынша емделу және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерге қатысты», - деді ол.