Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
Тоқтала кететін жайт, 2012 жылдың қорытындылары бойынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобының жалпы несиелендіру көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 97 пайызды құраған. Бұл ақшалай қаражатқа шаққанда 131,2 млрд.теңгені білдіреді.
Аталған көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда, 20 пайызға артық болып табылады.
«Жалпы өткен кезең бойынша «ҚазАгро» холдингінің жүзеге асырған бағдарламаларының арқасында 13,7 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды», - делінген баспасөз айғағында.