Биыл Қазақстан аумағы арқылы Ресейге 25 млрд. текше метр түрікмен және өзбек газы тасымалданады

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Қазақстан аумағы арқылы Ресейге 25 млрд. текше метр түрікмен және өзбек газы тасымалданатын болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Серік Естай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Қазақстан аумағы арқылы Түрікменстаннан Ресейге 10,5 млрд. текше метр, ал Өзбекстаннан 15 млрд. текше метр газ тасымалданады. Осылайша біздің еліміз арқылы 25 млрд. текше метр түрікмен және өзбек газы өтетін болады. «Сондай-ақ Ресейден Батыс Қазақстан арқылы 46 млрд. текше метр газ тасымалданатын болады, Қарашығанақ газының экспорты - 7,5 млрд. текше метрді құрайды», деді ол.

Айта кетейік, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымы «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобына жатады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан аумағы бойынша газ тасымалдау жүйесіндегі монополиялық оператор болып табылады. Бұл компания ұзақмерзімді концессиялық келісімшарттар негізінде газдың халықаралық транзитін, экспортын және ішкі тасымалын жүзеге асырады.