2012 жылы бұл көрсеткіш 69,6 жылды құраған екен.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде өмір сүру ұзақтығының көрсетші тұрғысында кеңестік кезеңдегі деңгейден асып түсті. «Бізде өмір сүрудің ең жоғары орташа ұзақтығы 1974 жылы 68,3 жыл болған еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өмір сүру ұзақтығының 63 жасқа дейін төмендеуі байқалды. Яғни, соңғы жылдары біз оның қалпына келтіріп қана қоймай, тарихи жоғары көрсеткіштен асып түстік», - деді Е. Орынбаев.
Оның пайымынша, бұл көрсеткіш елдегі өмір сүрудің әлеуметтік сапасын көрсетуде, алайда бұл бағытта атқаратын жұмыстар баршылық.